Ссылки доступа

Тәжік бишісі Сирияға бармақ болғаны үшін сотталды


Tajikistan -- Building Court of Guliston city, 18Apr2016
Tajikistan -- Building Court of Guliston city, 18Apr2016

Тәжікстанның солтүстігінде сот Сирияға соғысқа бармақ болған тәжік бишісіне үкім шығарды.

Гулистон қаласының соты 28 жастағы Равшана Мирходжаеваны Сириядағы қақтығыс аймағына қатысуға ниетті болды деп 12 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл келіншек осыған дейін түнгі клубтардың бірінше биші болып жұмыс істеген.

Судья Наргис Ёдгорзоданың айтуынша, алдын Минск әуежайында сотталушының күйеуі Наврузшо Галлабонов ұсталып, оны Тәжікстанға экстрадициялағаннан кейін 14 жылға сотталған.

Іс бойынша, 2012 жылы Равшана Худжанда қаласындағы түнгі клубтардың бірінде биші болып істеп жүрген кезінде Наврузшомен танысып, бірге тұрады. Кейін олар Сирияға бөлек-бөлек кетудің жоспарын құрады. Равшана Мирходжаева Душанбеден Стамбулға ұшпақ болады. Бірақ күйеуінің Минскіде ұсталғаны жөнінде SMS алғаннан кейін, билетін өткізеді.

Согданың құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, соңғы жылдары облыста 600 адам экстремизмге қатысы бар деп ұсталған. Олардың жүзі биылғы жылдың алғашқы тоқсанында ұсталған.

XS
SM
MD
LG