Ссылки доступа

Қырғызстанда сотталғандарды «сұрыптамақ»


Қырғызстанда экстремистік және террорлық қылмысы үшін сотталғандарды өзге жазасын өтеушілерден бөлек ұстайтын болады.

Қырғыз президентінің баспасөз қызметі Алмазбек Атамбаевтың Қылмыстық-атқару кодексіне тиісті түзетулерге қол қойғанын хабарлады.

Ел парламенті заңды биыл 16 наурызда қабылдаған. Заң ресми түрде жарияланғаннан 10 күн өткен соң күшіне енеді.

«Заң экстремистік және террорлық қылмысы үшін сотталғандарды темір тордың ар жағында экстремистік үгіт-насихатты тарату мүмкіндігін азайту үшін басқа жазасын өтеушілерден оқшаулауды көздейді», - деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.

Ресми дерек бойынша, 500-ге жуық қырғызстандық, оның ішінде 122 әйел Ирак пен Сирияда лаңкестер қатарында соғысып жүр. Олардың ішінде қырық адам ұрыста көз жұмған.

XS
SM
MD
LG