Ссылки доступа

Тәжік президентінің әкімшілігінде «жемқор» табылды


Прокуратура Тәжікстан президентінің Атқарушы аппаратының ақпаратты-коммуникациялық технологиялар Орталығының бұрынғы меңгерушісі Кадамджон Сафизоданың үстінен "заңсыз кәсіпкерлікпен айналысқаны үшін" қылмыстық іс қозғады.

Егер оның кінәсі дәлелденсе, ол 540 тан 912 АЕК көлемінде айыппұл төлеуі немесе 3 тен 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы және айыппұл төлеуі мүмкін.

Тәжікстанның ішкі істер министрлігі Кадамджон Сафизоданың ұсталғанын хабарлады. Ол 3 сәуірде ұсталғанымен, ресми түрде тек 18 сәуірде белгілі болды. Қазір Сафизода Душанбе қаласындағы №1 тергеу абақтысында отыр.

Кадамджон Сафизода мемлекет қаржысын жеке басына жұмсады және пара бопсалаумен айналысты деп айыпталуда. Ол байланыс қызметіне 23 жасында келген, ал 26 жасында осы мекеме бастығының орынбасары болды.

Құқық қорғау органдарындағы дереккөз Радио Озодиға Сафизоданың өз басқаратын Орталыққа жұмысқа тұрғысы келген азаматтан пара алып жатқан жерінен ұсталғанын хабарлаған.

XS
SM
MD
LG