Ссылки доступа

Жеңіс күнінің құрметіне өзбек ардагерлеріне $280 сыйақы беріледі


Өзбекстан президенті Ислам Каримовтың соғыс ардагерлеріне осынша сомада сыйақы беруді бұйырғаны туралы Regnum ақпарат агенттігі хабарлады.

Президенттің жарлығында: «9 мамыр жалпыхалықтық мереке – Еске алу және құрмет Күні, сонымен бірге Ұлы отан соғысында фашизмді жеңудің 71 жылдығының құрметіне және соғыс ардагерлері мен мүгедектерін материалды тұрғыдан қолдау мақсатында 800 мың сум көлемінде бір рет берілетін сыйақы тағайындалсын», - делінген.

Ардагерлерге берілетін сыйақы шығыны мемлекеттік бюджет есебінен өтеледі. Президент бірқатар министрліктер мен мен мекемелерге сыйлық ақшаны салтанатты және мерекелік жағдайда ұсынуды тапсырған.

Бұдан бөлек, Каримов өңірлер мен қоғамдық ұйым жетекшілеріне «Отанның намысы мен бостандығын қорғаушылардың құрметіне ағартушы-шығармашылық кештері мен кездесулер өткізуді» бұйырған.

Бүгінде Өзбекстанда 3 109 соғыс ардагері мен 69 994 тылдағы еңбек майданының ардагері тұрады.

XS
SM
MD
LG