Ссылки доступа

Мәскеуде ИМ-нің Тәжікстаннан шыққан үгітшісі ұсталды


Ресей ақпарат құралдары Мәскеу қаласы бойынша ІІМ ББ бастығы Анатолий Якунинге сілтеме жасай отырып, Мәскеуде азаматтарды Ресей аумағында тыйым салынған ИМ террорлық ұйымының қатарына тартумен айналысты деген күдікпен Тәжікстан азаматының ұсталғанын хабарлады.

Күдікті 14 сәуірде өткен заңсыз адам тасушылардың қызметіне тосқауыл қоятын және жолаушылардың қауіпсіздігін көздеген «Такси» операциясы кезінде қолға түскен.

Якуниннің сөзінше, Мәскеуде такси жүргізушісі боп жүрген күдіктінің «адамдарды ИШИМ қатарында соғысуға үгіттеген әрекеті үшін халықаралық іздеуде» жүргені анықталған.

Ол сонымен бірге , тексерілген такси жүргізушілердің 900-ден астамы бұрын қылмыстық жауапқа тартылғаны туралы айтты. Жалпы алғанда іздеуде жүрген 29 көлік жүргізушісі ұсталған.

XS
SM
MD
LG