Ссылки доступа

Савченко Порошенкомен сөйлескеннен кейін аштығын тоқтатты


Надежда Савченко Украина президенті Петр Порошенкомен телефон арқылы сөйлескен соң ашығуын тоқтатты. Бұл туралы "Твиттерде" украин әскери қызметшісінің адвокаты Илья Новиков хабарлады.

Надежда Савченко Украина президентімен, анасы және сіңлісі, сонымен бірге Украина Жоғарғы Радасының вице-спикері Ирина Геращенкомен сөйлескен соң аштығын тоқтатуға келіскен.

Телефонмен болған әңгімеге қатысқан адвокат, украин заңгерлерінің Киевте сотталған Александр Александров пен Евгений Ерофеев есімді ресейлік азаматтарды Надежда Савченкоға айырбастаудың барлық заңды жолдарын қарастырғанын хабарлады.

Бұған дейін Порошенко Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенде Савченконы "босатудың жолдарын келіскені" туралы мәлімдеген еді. Кремль мұны жоққа шығармағанымен, әңгіменің егжей-тегжейін айтудан бас тартқан еді.

Савченко бірнеше айып бойынша 22 жылға сотталған болатын, олардың ешбірін мойындамаған украин әскери қызметшісі қарсылық есебінде аштық жариялаған.

XS
SM
MD
LG