Ссылки доступа

Қырғызстанда Алматы базарындағы жағдайды талқылауда


Қырғызстанның ауыл шаруашылығы және мелиорация министрлігі Қырғызстанның Қазақстандағы елшілігінен Алматыдағы «Алтын Орда» базарында өнімін өткізуде қиындыққа тап болған қырғыз фермерлеріне көмектесуін сұрады.

Қырғыз фермерлерінің айтуынша, өздерін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың туыстары ретінде атайтын адамдар Алматыдағы «Алтын Орда» базарына кіру үшін ақы талап етуде.

Қырғыз министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, фермерлер шенеуніктерге олардың Қырғызстан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше боп кіргенде Ресей мен Қазақстан нарығының есігі айқра ашылатыны туралы уәделерін естеріне салып отыр. Қырғыз фермерлері Алматыдағы базар иелері картоптың әр келісіне белгілі бір ақы төлемейінше қырғызстан-дықтарды базарға кіргізбей отырғанын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG