Ссылки доступа

Ресейліктердің 40 пайызы билік міндетін орындамай отыр деп есептейді


Ресейліктердің 40 пайызы мемлекет міндетін орындамай отыр деп санайды. Бір жыл бұрын 28 пайыз болған. "Ведомости" газеті бүгін "Левада-центрдің" жүргізген сауалнама нәтижесін жариялаған.

Сауалнамаға жауап бергендердің 18 пайызы билікке қояр талабымыз жоқ деген. Жартысы мемлекет алған міндеттемелерін орындап отыр деп жауап берген.

"Левада-центр" орталығының директор орынбасары Алексей Гражданкин жергілікті халықтың мемлекетке деген сыни көзқарасы Қырымды аннексиялағанға дейінгі пікірлермен сәйкес келетінін айтады.

Елде хаос белең алып келеді деп есептейтіндер бір жылдың ішінде 8 пайыздан 16 пайызға өскен.

Гражданкиннің пікірінше, халықтың билікке деген наразылығы өсе береді. "Бұл халықтың кедейленуінен емес, сенімнің азаюынан", дейді әлеуметтанушы.

XS
SM
MD
LG