Ссылки доступа

Әйелді соққыға жыққан ташкент милиционері жұмыстан қуылды (видео)


Ташкент қаласының Учтепин ауылы, "Фархад" махалласының учаскелік инспекторы 15 сәуірде 55 жастағы әйелді ұрғаны үшін жұмыстан қуылды.

"Озодлик" радиосына (Азаттықтың өзбек қызметі) хабарлаған құқық қорғау қызметінің дереккөзі инспектор Хашимов "Фархад" махалласы тұрғындарының алдында жасы егде тартқан әйелді аяғымен тепкенін айтады. Ол сол үшін жұмыстан қуылған.

Иззатилла Хашимовтің әйелді теуіп жатқан видео үлкен дауға айналған. "Озодлик" тілшісі Хашимовты тауып, одан сұхбат алып, жариялағаннан кейін, басшылық оны жұмыстан шығарған. Үш күн бұрын жергілікті ауданның жаңа учаскелік инспекторы болып Фазлиддин Исраилов тағайындалғанын хабарлайды ақпарат көзі.

Оқиға куәгері болған адам милиционер ашуланып, наразылығын білдіріп тұрған әйелді тоқтатпақ болып, көлігінен ескі шүберек алып, әйелдің аузына тықпақ болғанын айтады. Бірақ әйел қарсылық білдірген кезде, инспектор аяғымен әйелдің бетіне теуіп, өзбекшелеп дөрекі сөздер айтқан. Жиналған халық оқиғаның бәрін көріп тұрған. Бәрі үш сағатқа созылған. Осыдан кейін оқиға орнына милицияның үш қызметкері және жедел жәрдем келген. Әйелді күштеп көлікке отырғызбақ болған. Бірақ ол қарсыласқан кезде, оны тағы ұрған. Кейін белгілі болғандай, милиция адамдардан жалған куә беруді сұраған. Ал қаулыда әйелді соққыға жыққаны жазылмаған.

XS
SM
MD
LG