Ссылки доступа

Қытай Қырғызстанға ГЭС салуға 4 млрд доллар бөлуге дайын


Қытай компаниясы Қырғызстандағы кіші гидроэлектр станциясының (ГЭС) құрылысына 4 миллиард АҚШ долларын инвестициялауға дайын. Бұл жөнінде парламент депутаты Абтандил Кулбараков қытайлық инвесторлармен кездесуден кейін мәлімдеді.

Оның сөзінше, қытай тарабы өздерінің үзіліссіз жұмыс істеулеріне жағдай сұрап отыр. Олар қызыққан барлық жобаны үкімет талқылайтын болады.

Кулбараков сонымен бірге қытайлық компаниялар Кокомерен өзені жанынан (Кызыл-Ой ауылынан Сары-Камышка дейін) күштілігі 950 мегаватт болатын ГЭС жобасына 1,2 миллиард доллар бөлуге дайын екенін де айтады.

"Қытай инвесторлары 2-3 жылда ГЭС-ті салып бітіреміз деп отыр. Олар өздерінің салған инвестициясын 5 жыл көлемінде электрэнергияны Қытай мен Пәкістанға экспорттау арқылы өтеп аламыз дейді. Осыдан кейін барып ГЭС біздің мемлекетке өтеді. Осылайша 8 жылдан кейін Қырғызстанда ірі гидроэлектрстанциясы пайда болады. Менің ойымша, бұл біз үшін өте тиімді жағдай", - деп есептейді Кулбараков.

XS
SM
MD
LG