Ссылки доступа

Ресей Украинаның Савченконы беру жөніндегі сұрауын алған


Ресейдің әділет министрлігі Украинаның ұшқыш Надежда Савченконы қайтару үшін құжаттар әзірлеуге дайын екендіктері жөніндегі сұрауын қабылдаған.

Бұл жөнінде ТАСС Ресейдің әділет министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"19 сәуірде Ресейдің әділет министрлігіне Украинаның әділет министрлігінен сотталғандарды қайтару жөніндегі Конвенцияның 6-бабына сәйкес сұрау келіп түсті. Онда Надежда Савченконы әрі қарай жазасын Украинада өтеу үшін қайтаруға құжаттар әзірлеуге дайын екендіктерін білдірген", – деп мәлімдейді РФ әділет министрлігінің баспасөз қызметі.

XS
SM
MD
LG