Ссылки доступа

Қазақстан үкіметі жерді сатуға қатысты түсініктеме берді


Қазақстандағы жерлер шетелдіктердің қатысуымен кейбір компанияларға сатылуы мүмкін деп мәлімдеді Атырауда өткізген баспасөз мәслихаты кезінде Ұлттық экономика министрлігінің инфрақұрылымды дамыту департаментінің директоры Гүлжахан Бимендина.

- Егер заңдық тұлғаның 70 пайызы қазақстандық, қалған 30 пайызы шетелдік болса, компания аукционға қатыса алады. Бірақ бұл компаниялар ерекше бақылауда болады, - дейді Гүлжахан Бимендина.

Қазақстан үкіметінің ауыл шаруашылығына пайдаланылмай жатқан жерлерді инвестиция тарту үшін сату жөніндегі шешімі қоғам наразылығын туғызған еді. Халық наразылықтарын әлеуметтік желілер арқылы білдіріп жатыр. Кейбір аймақтар митинг өткізуге өтініш берген. Дәл осында жерді сатуға қарсылық акциясы алдын Астанада орын алған.

ҚР ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, үкімет 2016 жылдың 1 қаңтарынан бері мемлекеттік қорға үш миллион гектар пайдаланылмаған жерді қайтарып алған.

XS
SM
MD
LG