Ссылки доступа

Иран Тәжікстанға жөнелтетін өнімдерінің экспортын шектеді


Иранның сауда-өнеркәсіп палатасы Тәжікстанға осы елден баратын өнімдерге шектеу салынғаны туралы хабарлады.

Палатаның ресми сайтында: «Тәжікстанмен сауда байланысы бар кәсіпкерлер мен компаниялардың назарына: жаңа ереже бойынша өнімдерге тәжік тілінде белгі қою керек», - делінген. Тәжікстан өнімнің қасиеті туралы тәжік тілінде ақпарат жазылмаған иран тауарларының елге кіргізілмейтінін ескерткен.

Иран парламентінің төрағасы Али Лариджони 19 көкекте Мәскеуде өткен Еуразия өңіріндегі 19 елдің парламент спикерлері жиналған отырыста тәжік әріптесі Шукурджон Зухуровпен екі ел арасындағы кедендік шектеулерді талқылағанын хабарлады. Иран ақпарат құралдары Лариджонидың Зухуровпен кездесуде «осы мәселеге қатысты түйткілді шешу қажеттігін» айтқаны туралы жариялады.

Өткен аптада бірқатар тәжік кәсіпкері өздеріне «тауарлар сапасының төмендігіне байланысты» Ираннан өнім тасуды тоқтата тұру ескертілгенін айтқан болатын.

Тәжікстанның экономикалық даму және сауда министрлігінің мәліметінше, биылғы жылдың бірінші тоқсанында Ираннан келетін импорт көлемі 50 пайызға кеміген. Иран Тәжікстанның негізгі бес сауда әріптесінің бірі боп табылады.

XS
SM
MD
LG