Ссылки доступа

AI Ресейдің Өзбекстан азаматтарын елден шығарғанын сынады


Халықаралық Amnesty International (AI) құқық қорғау ұйымы Мәскеуді Өзбекстаннан шыққан азаматтарды жаппай депортациялу арқылы, Өзбекстандағы азаптауларға «қолұшын созды» деп айыптады.

Ұйымның жаңа есебінде жүздеген саяси баспана сұрағандар мен босқынның, еңбек мигрантының елден шығарылғаны және олар Өзбекстанға оралысымен биліктің азаптауларына ұшырағаны туралы жариялады. Ұйым ресейлік биліктің бұл адамдардың азаптауға тап болатынын анық біле тұра Ташкентпен әріптес болғанын жазады.

AI есебінде сонымен бірге Ресей тарабының өз аумағындағы кейбір өзбек азаматын Өзбекстан арнайы қызметі өкілдерінің ұрлап кетуіне жол бергені де айтылады. Құқық қорғаушы ұйым Өзбекстан билігі саяси қарсыластарын, өзін сынаушылар мен тсламдық топтардың соңынан ерді деп саналғандарды қудалауды террормен күрес шарасымен бүркемелеуге тырысатынына назар аударады.

XS
SM
MD
LG