Ссылки доступа

АҚШ-та атақты әнші Принс қайтыс болды


Американдық әнші Принс (шын есімі Принс Роджерс Нельсон) 57 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ритм-энд-блюз музыкалық стилінің негізін қалаушы музыканттың мүрдесі оған тиесілі дыбыс жазу студясының ауласынан табылды.

Дыбыс жазу студиясы оған Шенхассен қаласындағы (штат Миннесота) баспанасы да боп табылатын. Әнішінің өліміне қатысты өзге де деректер әзірге жарияланбады.

Әншінің өліміне байланысты АҚШ президенті Барак Обама әлем шығармашылық бейнесін жоғалтты деп мәлімдеді.

"Мишель және мен әлемдегі миллиондаған жан секілді Принстің аяқасты қазасына қайғырамыз. Суреткерлердің ішінде танымал музыкаға дәл сол секілді айқын ықпал еткендер өте аз және ол талантымен көптеген адамға ықпал етті. Біздің заманымыздың ең талантты музыканттарының бірі ретінде Принс керемет бэнд жетекші және орындаушы болды", - делінген АҚШ президентінің мәлімдемесінде.

Өнердегі 35 жылдық жолында Принс 39 альбом шығарды, "Грэмми", "Оскар" және "Алтын глобус" сыйлықтарының иегері атанды, ал 2005 жылы рок-н-ролл даңқының Залына енді. Ол өткен ғасырдың 80-ші жылдары ерекше танымал болды.

XS
SM
MD
LG