Ссылки доступа

Теміртаудағы дағдарыс орталығы қолдау іздеуде


Балалы әйелдерге бас сауғалайтын тұрақ беретін Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы жалғыз дағдарыс орталығы демеушілердің көмегіне зәру. Орталық басшылығы әлеуметтік желілер арқылы тұрғындардан көмек сұрауда.

Дағдарыс орталығы үшінші жыл қатарынан қиын жағдайға тап болған балалы әйелдерге уақытша пана боп отыр. Мұнда уақытша баспана беріп қана қоймай, тіркеуге тұруға, жәрдемақы алуға, әлеуметтік баспана кезегіне тұруға, балабақша кезегіне тұруға және тағы көптеген мәселеде көмектеседі.

Дағдарыс орталығына келетін әйелдердің 80 пайызы балалар үйінің түлектері. Қазір дағдарыс орталығында екі баласымен екі әйел тұрып жатыр. Орталық 12 адамға арналған, бірақ кейде 15 адамды да сыйғызған. Тіпті барар жері болмағандықтан жаңа туған сәбиімен перзентханадан келгендер де болған.

Дағдарыс орталығы Жапония елшілігі бөлген 13 миллон теңгеге салынған. Орталық негізінен мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстар мен демеушілердің қаржысына күн көріп келген. Алайда қаңтар айынан бері пана орталығы мемлекет тарапынан қаржысыз және қолдаусыз қалды, осыған байланысты орталық қызметкерлері әлеуметтік желілер арқылы тұрғындардан көмек сұрауға мәжбүр.

XS
SM
MD
LG