Ссылки доступа

Өзбекстанда милиционер банк тонады


Милиция қызметкері басшылық еткен ұйымдасқан қылмыстық топ Өзбекстанның Хорезм облысы Бағат ауданындағы «Микрокредитбанкке» шабуыл жасаған. Қарақшылар өздерімен алып кеткен 45 қапта 16 миллионан астам сум немесе 2 600 АҚШ долларынан сәл асатын ақша болған.

Банктің басшылығына жақын дереккөз Орталық Азия жаңалықтар Қызметіне олардың банк ғимаратына келтірген залалының ақшалай шығыны одан әлдеқайда көп екенін хабарлады. Шабуыл жасаушылар ғимараттың арт жағындағы бірінші қабаттағы темір қоршауларды сындырып кірген, дабыл қоңырауларын, сейфтерді басқа дүниені талқандаған.

Қылмыс ізі суымай ашылған және барлық 45 қап ақша банкке қайтарылды, енді тонаушылар 16 жылға бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін. Бұл оқыс оқиға Өзбекстанда банктердің өзінде қолма қол ақшаның тапшы екенін анық көрсетіп берді.

Өзбекстанның ақпарат құралдарына жұмысшылар мен ірі стратегиялық нысан қызметкерлерінің жалақысын төлеуге және зейнеткерлерге зейнетақы беруге қолма қол ақшаның жетпейтіні туралы шағымдар көптеп түседі. Бұған дейін бірнеше рет көптеген өзбекстандықтың шетелдегі туыстары жолдаған ақша аударымдарын банктерден ала алмай жүргендері туралы хабарланған еді.

XS
SM
MD
LG