Ссылки доступа

Украина қырғыздардың Қырымда жұмыс істеуіне қарсы


Бұған дейін Қырғызстанның миграция жөніндегі мемлекеттік қызметі 500 қырғыз азаматын Қырымның Ялта қаласына жұмысқа тұрғызуға келісімге келгендіктерін мәлімдеген.

Алайда Украинаның Қырғызстандағы елшілігі Қырғыз миграция жөніндегі мемлекеттік қызметінің бұл әрекеті қырғыз-украин әріптестік қарым-қатынасына қайшы келеді деп мәлімдеді.

Украина елшілігі Ялтаны уақытша аннексияланған аймаққа кіретін Украинаның бір бөлігі екенін еске салады.

"Миграциялық қызметтің бұл әрекетін Украина мен Қырғызстан арасындағы сенімді қатынасты бұзатын қадам деп бағалаймыз", - деп атап өткен украиналық дипломатиялық мекеме.

Дипломатиялық өкілдік Қырғызстан билігін аумақтатық тұтастық, ұлттық егемендік және шекараға қол сұқпаушылық жөніндегі халықаралық заңды сақтауға шақырды. Мұнан бөлек, елшілік Украинаның мемлекеттік мекемелерінің рұқсатымен ғана шетелдіктер Қырымға бара алатынын ескертті.

Украинаға тиесілі Қырым аралы 2014 жылдың көктемінде Ресей тарапынан аннексияланды. Қырғызстан билігі бұған қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған емес.

XS
SM
MD
LG