Ссылки доступа

Журналистер "панама құжаттарын" АҚШ прокуратурасына бермейді


Журналистік зерттеу халықаралық консорциумы америкалық прокуратурамен жұмыс істемейді. Бұл жайында Reuters агенттігі хабарлайды.

Нью-Йорктің федералды прокуратурасы журналистердің зерттеуінде пайда болған "панама құжаттарын" беру жөнінде сұрау жіберген болатын.

Журналистік консорциум салықтан жалтару үшін Панама офшорына тыққан есеп-шоттарды жариялаған.

Прокуратураның өтінішіне байланысты консорциум басшысы Джеральд Райл "Біз прокуратураға БАҚ-қа әлі жарияланбаған материалдарды бере алмаймыз. Біз — медиялық ұйымбыз, АҚШ Конституциясына сәйкес, медия құқық қорғау ұйымдарынан бөлінеді әрі қорғалады" деп мәлімдеді.

Журналистер панамалық Mossack Fonseca заңгерлік фирмасының 11,5 миллион қаржылық құжаттарын қолдарына түсірген. Онда әлемнің барлық елдерінің ірі компаниялары мен жеке тұлғаларының офшорда жасырған активтері жөнінде мәлімет бар. Олардың дені әлі жарияланбады.

XS
SM
MD
LG