Ссылки доступа

Қазақстан шекара қызметі: Қырғызстан шенеунігің туысы есірткімен ұсталды


2016 жылдың 9 сәуірінде "Қордай" өткізу бекетінде Қазақстанға кірмек болған қырғыз азаматы Эрмек Джолдубаевтан гашиш табылып, ұсталған. Бұл жөнінде "АКИpress" агенттігі Қазақстанның Шекара қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Агенттіктің мәліметінше, Қазақстанның шекара қызметі Джолдубаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу ісін бастаған.

Алайда Қырғызстанның Бас прокуратурасының баспасөз қызметі Эрмек Джолдубаев бас прокурордың туысы екен деген ақпаратқа қатысты "Интернет беттерінде 2016 жылдың 9 сәуірінде Қазақстан аумағына кірмек болған ҚР бас прокурорының туысы есірткімен ұсталды деген ақпарат жарияланды. Бірақ Джолдубаев Эрмек Ырысбайұлы қазіргі уақытта Бішкекте, ешқандай шекараны кесіп өтпеген" деген мәлімдеме таратты.

Анықтама үшін: Қырғызстанның Бас прокуроры Индира Джолдубаева Ырысбайқызы.

XS
SM
MD
LG