"12 жылдық білім берудің мақсаты өскен балалардың тағы да бір жыл мектеп партасында отырғызу емес. Біздің міндетіміз бірінші сыныпты алты жастан бастау. Бізде қазір алты жастағы балалардың жартысы мектепте отырады, жартысы әлі бармайды. Сондықтан біздің бірінші алға қойған міндетіміз — алты жастағы бала міндетті түрде мектеп партасында отыру керек", — деп Сағадиевтің сөздеріне сілтеме жасайды үкіметтің ресми сайты.
Сағадиев сонымен бірге ірі қалалардағы мектепті оқушының санына қарап қаржыландыру жоспарын да мәлімдеді. Министрдің түсіндіруінше, білім орны оқушыны неғұрлым көп жинаса, қаржыландыру да соғұрлым көп болмақ.
"Бұл үлкен экономикалық және әлеуметтік құбылыс. Мектепті ұстап тұруға әкімшілік бюджет бірден қысқарады. Жан басына қаржыландыру кезінде мектептің қожайыны пайда болады. Яғни мектептің әкімшілігі жөндеу жұмыстарын қалай жүргізу керек, мұғалімдерге қандай айлық қою керек, өздері шешеді", - дейді министр.