Ссылки доступа

Мәскеуде бұлттарды қууға 86 миллион рубль бөлінген


Ауа райын болжаушылар 9 мамыр Жеңіс күнінде, 12 маусым Ресей күнінде және қыркүйектің алғашқы жексенбісіне сәйкес келетін қала күнінде ғана күн райы ашық болатынын айтқан. Бұл жолы 1 мамырда тек Еңбекшілер күні ғана емес, Пасха мерекесі де сәйкес келеді.

Мәскеуде мереке күндері бұлттарды қуу ондаған жылдар бойы тәжірибеде бар екенін хабарлайды "Интерфакс". Бұлтқа көмірқышқыл, сұйық азот және арнайы цемент қосындыларын шашып, арнайы ұшақпен қуады.

2015 жылы Мәскеуде болған арнайы мерекелік шараларда бұлттарды қуу үшін 430 млн рубль бөлінген екен.


XS
SM
MD
LG