Ссылки доступа

Ереванда автобус жарылды


Еревандағы автобус жарылысынан үш адам қаза тауып, жеті адам жараланды. Бұл туралы Армения ТЖМ Құтқару қызметі директорының орынбасары генерал-майор Николай Григорян хабарлады.

"Армения телеарнасына берген сұхбатында полиция бастығы Владимир Гаспарян: "Автобуста жарылғыш зат іске қосылған. Жарылыс жарықшақ емес, толқынды түрде болған", - деп мәлімдеді.

Жарылыс Алабян көшесіндегі бағыт бойынша жүретін "Богдан" маркалы автобуста болған. Оқиға орнында полиция қызметкерлері мен дағдарыстық басқару Ұлттық орталығының өкілдері жұмыс істеуде.

XS
SM
MD
LG