Ссылки доступа

Батыстың бес елінің басшысы Қырымды тартып алуды қабылдамайды


Батыстағы бес жетекші елдің басшылары ресейлік басқыншылықты және Қырымды басып алуға жасалған әрекеттерді айыптайтындарын мәлімдеді. АҚШ президенті Барак Обама, Ұлыбритания премьер-министрі Дэвид Кэмерон, Франция президенті Франсуа Олланд, Германия канцлері Ангела Меркель және Италия премьер-министрі Маттео Ренцилер бұл туралы Ганновердегі Херренхаузен қорғауында өткен кездесудің соңында мәлімдеді.

Мемлекет басшыларының мәлімдемесінде Ресеймен әрі қарайғы қарым-қатынастың оның Минск келісімдерін толық орындауына тікелей байланысты екені анық айтылған. Ресей Минск келісімдерін толық көлемде орындаған жағдайға ғана оған салынған санкциялар алынып тасталмақ.

Ақ үйдің баспасөз қызметі мемлекет басшыларының кездесуінде бірқатар көкейкесті мәселенің талқыланғаны туралы хабарлады. Жетекші ел басшылары Еуропаға ағылған заңсыз миграцияның салдары үлкен түйткіл тудыратынымен, оны Еуропа және АҚШ ұстанатын құндылықтар және кешенді шешімдер негізінде шешу қажеттігімен толықтай келіскен.

"Ислам мемлекеті" экстремистік тобымен күреске қатысты бес елдің басшысы Ирак пен Сириядағы антитеррорлық коалицияның жетістіктерін атап өтті және террорлық қылмысқа қарсы бірлесіп күресуге әркез дайын екендерін білдірді.

XS
SM
MD
LG