Ссылки доступа

Тәжікстанда ауқымды қуат жобасы басталады


Мамыр айында Душанбеде CASA-1000 жобасын жүзеге асыру ресми түрде басталады. Бұл туралы экономика министрлігінде өткен бірлескен жұмыс тобы мен жоба бойынша үкіметаралық кеңестің отырысында мәлім болды.

CASA-1000жобасы Тәжікстан мен Қырғызстаннан Ауғанстан және Пәкістан елдеріне қуат жеткізуді көздейді. Алғашқы кезде Қырғызстан мен Тәжікстанды байланыстыратын қуаты 500 кВ «Датқа-Худжанд» жоғары кернеулі электр қуатын жетізетін желі салынады (477 шақырым).

Одан кейін Тәжікстаннан Ауғанстанға, одан әрі Пәкістанның Пешавар қаласына электр желісін тарту жоспарланған (750 шақырым). Жобаның жалпы құны 953 миллион доллар.

XS
SM
MD
LG