Ссылки доступа

АҚШ Әділет министрлігі Гүлнәр Каримованы сотқа берді


Bloomberg агенттігі АҚШ әділет министрлігінің 21 көкекте Манхэттеннің Федералды сотына Өзбекстан президентінің үлкен қызы Гүлнәр Каримова мен оның сыбайластарын жауапқа тарту туралы арыз бергенін хабарлады.

АҚШ әділет министрлігі Өзбекстан президентінің қызы мен оның бірнеше жақын адамын америкалық министрліктің Швейцария банктеріндегі 550 миллион долларды қайтару туралы бірнеше мәрте жасаған талабын орындамағаны үшін сотқа берген.

Манхэттендегі (Нью-Йорк, АҚШ) Федералды сотқа шағым берген прокурор, Гүлнәр Каримова мен оның сыбайластары америкалық әділет министрлігінің оларға биылғы жылдың ақпан айында жолдаған 3 есепшот туралы мәлімет беруді талап еткен жолдауларына жауап бермегенін мәлімдеді.

Бұл арыз Амстердамда орналасқан Vimpelcom телекоммуникациялық компаниясына қатысты қозғалған қылмыстық іс аясында берілген. Бұған дейін VimpelCom Өзбекстанда парақорлыққа барғанын мойындап, АҚШ пен Нидерландының жемқорлыққа қарсы органдарына 795 миллион доллар төлеуге келіскен.

XS
SM
MD
LG