Ссылки доступа

Қырғызстанда дәрігерлер жетіспеуде


Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі жалақыға қосымша төлеу арқылы жас мамандарды елдің өңірлеріне тартуды көздейді. Бұл туралы министрліктің кадрлық жұмысты басқару мен медициналық білім бойынша бөлімінің меңгерушісі Нұрида Жүсіпбекова хабарлады.

«Министрлік жас мамандарға жалақысына қосымша бір тоқсанда 38 мың сом ақша бөледі, кейі өңірде үй салу үшін жер телімі беріледі», - деді ол. Шенеуніктің сөзінше, өңірлерде істеп жатқан дәрігерлерге біліктілігін жетілдіру курстары ұйымдастырылған.

Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінше, 2016 жылдың 1 көкегінде Жалал-Абад облысында 189, Баткенской облысында - 123, Ош өңірінде - 181, Нарын облысында - 120, Талас облысында – 120, Ыстықкөл облысында – 137, Шу облысында – 151 дәрігер мамандары тапшы.

Бұл мәселені сонымен бірге медицина жоғарғы оқу орындарының, құзырлы министрлік пен үкіметтің облыстардағы өкілетті өкілдері талқылаған.

XS
SM
MD
LG