Ссылки доступа

Тәжікстанда аюлардың адамдарға шабуылы жиілеген


Тәжікстанда Нулванд Дарваз ауданының әкімі Аловуддин Афгонов 26 сәуір күні Озоди радиосына жыртқыш аңның шабуылынан жергілікті тұрғын Махмадназар Худоиев зардап шекті деп хабарлады. Оған ұзақ уақыт ем керек екен, бірақ Махмадназар жәйлап аяғына тұра бастады деді аудан әкімі.

Әкімнің сөзінше, соңғы оқиға Зигар қышлағындағы жайлауда орын алған. "Махмадназар малдарын жайылымға жаю үшін тау жаққа қарай бет алған. Сол кезде, кенеттен аю мен оның екі қонжығы оған шабуыл жасаған", - дейді Афгонов. Жарақат алған жас жігіт өзге малшыларды көмекке шақырған, адамдар келіп, оны өлімнен құтқарып қалған.

Соңғы кезде таулы аймақтарда жыртқыш аңдардың шабуылынан үй малдары да зардап шеккен. Бір айдың ішінде 25 ұсақ және 10 ірі қара мал жыртқыш аңдардың құрбаны болған. Аюлар негізінен Зигар және Зак қышлағындағы жайлауларда жүреді екен.

Ауыл тұрғындары аң аулайтын қарулары бар арнайы адамдардың басын қосып, ауыл маңын күзетуді жөн көріпті.

Үш жыл бұрын Тәжікстанның шығысындағы Рашт елдімекенінде аюдың шабуылынан бір бозбала жараланған.

XS
SM
MD
LG