Ссылки доступа

Өзбекстанда аналарға жәрдемақы алу үшін темір өткізуді бұйырған


Озодлик радиосына (Азаттықтың өзбек қызметі) шағымданған келіншек, баласына жәрдемақы алуға барған кезде, алдымен темір теріп кел деп жұмсағанын айтады:

– Мен 2 жастағы сәбиіме жәрдемақы алу үшін құжаттарымды жинап, өткізуге барғанмын. Онда маған алдымен 50 кг темір әкеліңіз деді. Мұндай талапты бірінші рет естіп тұрмын. Үйде ешқандай темір-терсек қалмаған. Үлкен балаларым олардың бәрін мектепке өткізген. 15 кг темірді әрең жинадым. Бірақ бұл жетпейді деді.

Белгілі болғандай бірнеше жылдан бері Ферғана облысы Риштан ауданы тұрғындарынан жыл сайын 1-1,8 тонна темір өткізуді бұйырып келеді екен. Жергілікті аудан белсендісі өзіне соңғы төрт жылдан бері темір балқыту зауыты үшін металл жинауды тапсырғанын айтады.

XS
SM
MD
LG