Ссылки доступа

Чыныбай Турсунбеков – Қырғызстан парламентінің жаңа спикері


Чыныбай Турсунбеков VI-шақырылымдағы Жогорку Кенештің төрағасы болып сайланды. Шешім 27 сәуірде парламенттің жалпы отырысында қабылданды.

Құпия дауыс беру нәтижесінде Турсунбековті 88 депутат, Масалиевті 26 депутат қолдаған. Екі үміткерге де қарсы болғандар — үшеу.

Турсунбековтің кандидатурасын Қырғызстанның Социал демократиялық партиясы ұсынған. Оны "Республика - Ата Журт", "Ата Мекен" және "Қырғызстан" фракциялары қолдаған. Ал Масалиевті "Онугуу-Прогресс" фракциясы шығарған.

Еске сала кетейік, 13 сәуірде парламенттің спикері болған Асылбек Жээнбеков өз еркімен отставкаға кеткен. Себебі оның туған ағасы Сооронбай Жээнбеков елдің премьер-министрі қызметіне тағайындалған. Заңға сәйкес туысқандар лауазымды қызметтерде қатар отыра алмайды.

XS
SM
MD
LG