Ссылки доступа

Өзбекстан БАҚ арқылы экстремизмді насихаттағандарды қатаң жазалайды


26 көкекте президент Ислам Каримов қол қойғаннан кейін күшіне енген Өзбекстанның Қылмыстық кодексіндегі жаңа өзгерістер бойынша діни экстремизм идеяларын таратқаны үшін жаза қарастырылған.

244−1 «Қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікке қауіп төндіретін материалдарды дайындау, тарату және көрсету» бабы бойынша Қылмыстық кодекске «бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін және бүкіләлемдік интернет ақпарат жүйесін пайдалану арқылы» дейтін толықтыру енгізілген.

Ол бойынша, билік ақпарат құралдарында, интернетте жарияланған материалдарды діни экстремистік бағытта деп таныса, оның авторы 5 тен 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

ҚК 244-1 бабы Өзбекстанда діни себептермен ұсталғандар азаматтарға жиі қолданылатын негізгі бап саналады.

XS
SM
MD
LG