Ссылки доступа

Ұлттық банк зейнетақы төлемдерін инвестиция ретінде жаратуды бастады


Қазақстанның Ұлттық банкі Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы ақшаны Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев нұсқаған бағыттарға инвестиция ретінде жұмсауды бастады. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлады.

БЖЗҚ зейнетақы активтері 2016 жыл бойы инвестиция есебінде қолданылмақ.

Ақпан айының басында үкімет отырысында Назарбаев БЖЗҚ-да жиналған 1 триллион 450 миллиард теңге болатын бос жатқан зейнетақы қаржысын бірқатар бағытты, оның ішінде құрылыс және банк саласын қаржыландыруға жұмсауды тапсырды. Назарбаев 76 миллиардов теңгені өзі ойлап тапқан «Нұрлы жол» бағдарламасын қаржыландыруға, 100 миллиард теңгені "агроөнеркәсіп кешеніндегі басым бағыттағы жобаларды" қаржыландыру үшін «ҚазАгро» Ұлттық холдингіне беруді бұйырған.

Ұлттық банк БЖЗҚ активтері инвестиция есебінде жұмсалатын бағыттарды "Ұлттық банктің әзірлеп шыққанын және Ұлттық қорды басқару кеңесімен мақұлданғанын"хабарлады.

Ресми дерек бойынша, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорындағы жиналған қаржы көлемі көкек айының басында 6 триллион теңгеден (шамамен 18 миллиард доллар) асқан. Заң бойынша, барлық жұмыс істейтін Қазақстан азаматы табысының 10 пайызын зейнетақы қорыына аударуға міндетті. Олар ақшасын зейнетке шыққанда немесе тұрақты түрде тұру үшін шетелге қоныс аударғанда ала алады. Зейнет жасына жетпеген салымшының ақшасы мұрагерлікпен беріледі.

XS
SM
MD
LG