Ссылки доступа

Қырғызстан жол апатындағы адам өлімінен екінші орында


Қырғызстан жол апатынан кісі өлімі жиі болатын 53 елдің ішінде 2-ші орында тұр.

«Азаматтық бастамалар» ҚҚ хабарлауынша, стартегиялық зерттеулердің Ұлттық институтының сарапшылары осындай қорытынды жасаған.

Сараптама нәтижесінде Қырғызстан Еуропа мен бұрынғы КСРО елдерінің ішінде адам өлімі тіркелген және жараланған жол апаттарының саны жағынан екінші орында тұрғаны белгілі болды.

Ұлттық статистика комитетінің дерегінше, 2004-2013 жылдары көлік апаттарының кесірінен 10 мыңнан астам адам өліп, 62 мыңы жарақат алған.

XS
SM
MD
LG