Ссылки доступа

Ресей шекарашылары Вера Савченконы елден шығармай қойды


Украин әскери қызметшісі Надежда Савченконың сіңлісі Вера Савченконы бейсенбіге қараған түні ресейлік шекарашылар Ресейден шығармай қойған.

Азаттық Радиосының тілшісі Антон Наумлюк украин консулдық қызметі Вера Савченконы Чертководағы шекара бекетінен алып кетіп, Дондағы Ростов қаласына жөнелткен. Қазір ол украин консулдығының аумағында.

Савченко Новочеркасск тергеу абақтысында отырған әпкесіне барған болатын. Қайтар жолда шекарашылар оның төлқұжатын алып қойған соң, Надежданың сіңлісі Украинаның бас консулдығына тиесілі көліктен шықпай қойған. Бұл туралы Надежда Савченконың адвокаты Илья Новиков хабарлады.

«Кеше елге кірген кезде бәрі дұрыс еді, бүгін кері қайтар жолда Вера Савченко баяғыда Шешенстанда судьяға тіл тигізгені үшін Ресейдің ҚК 297 бабы бойынша іздеуде жүрген-міс деген дерек пайда болды», - деді адвокат.

Вера Савченкоға қарсы судьяға тіл тигізді деген істі Шешенстанның Жоғарғы сотының судьясы Вахид Исмаилов қозғаған. Бұған Вера Савченконың 1994-1995 жылдары Шешенстан жағында Ресейдің қарулы күштеріне қарсы соғысты деп айыпталған Станислав Клых және Николай Карпюктің үстінен өткен сотқа қатысуы себеп болды. Савченко сотталушы украин азаматтарының қоғамдық қорғаушысы ретінде тіркелгенімен, судья оның сөздерін қорлаушы деп танып, сот отырысынан аластаған еді. Вера Савченко бұл айыптарды жоққа шығарады.

XS
SM
MD
LG