Ссылки доступа

Назарбаев жөніндегі "бесінші" фильм


Таяуда Астана мен Алматы қалаларында фильмнің тұсау кесер рәсімі өтті. Туындының бюджеті Қазақстанның мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, 1 миллиард 200 миллион теңгені құраған. Қосымша демеушілер ақша бөлген.

Нұрсұлтан Назарбаев жөніндегі "Лидер жолы" киноэпопеясы "Балалық шағымның аспаны" фильмінен басталды. Ол экранда 2011 жылы көрсетілді. Осыдан кейін "Отты өзен", "Темір тау", "Тығырықтан жол тапқан" фильмдері көрсетілді. Онда Назарбаевтың балалық кезеңі, жастық шағы, Назарбаевтың бозбала кезі және оның саясаткер ретінде қалыптасуы көрсетіледі.

Алдыңғы төрт фильмнің режиссері - Рүстем Әбдрәшев. Онда Нұрсұлтан Назарбаев рөлін Нұрлан Әлімжанов сомдаған. Актер осыған дейін 20 шақты филмьге түссе де, Назарбаевтың рөлін ойнағаннан кейін, оған мемлекеттік деңгейдегі сыйлықтар бірінен кейін бірі "жауған".

"Лидер жолының" бесінші бөлімін ресейлік режиссер және сценарист Сергей Снежкин түсірген. Ол Нұрсұлтан Назарбаевтың рөліне Берік Айтжановты таңдаған.

Алайда жергілікті киносыншылар фильмге жақсы баға бермеді. Алматылық киносыншы Дмитрий Мостовой жеңіл-желпі түсірілген фильмді көруге келгендердің 190 минөт бойында шыдағанына таңқалады.

XS
SM
MD
LG