"Егер Швеция НАТО-ға кірсе, шведтер бізге шабуыл жасайды деген ой тумайды. Бірақ шведтің әскері НАТО-ның қолбасшылығына бағынады. Біз амалсыздан әскери-техникалық жағынан қамдануымызға тура келеді", — деген Лавровтың сөздерін Dagens Nyheter швед газеті жариялаған.
Лавровтың сөздерінше, Ресейдің қандай шара қолданатынын қорғаныс министрлігі шешеді.
Лавров сонымен бірге Мәскеу НАТО мен Швециядағы "русофобияның күшейгеніне" және Стокгольмнің Еуропа Одағының Ресейге қарсы санкцияларына қосылу шешіміне қарамастан "қандай да бір әскери қайшы әрекеттер жасауға ниетті емесін" айтқан. Ол бұған қоса Ресей кез-келген елдің өз қауіпсіздігін қандай жолмен қамтамасыз ету шешімін өзі таңдау құқығын мойындайтынын да білдірген.