Ссылки доступа

Мәскеуде сәбиді өлтірген бала күтушіге психиатриялық сараптама жүргізді


Сербск атындағы психиатрия институтының мамандары Өзбекстан азаматшасы Гүлчехра Бобокуловаға қатысты жүргізген сараптаманы аяқтады. Аталған мекемеде айыпталушы әйел бір айдай жатқан.

Дереккөзі хабарлағандай, алдыңғы күні айыпталушыны психиатриялық ауруханадан №2 "Бутырка" тергеу мекемесіне әкелген. "Нәтижесі әзірге құпия сақталып тұр, бірақ ақпаратқа қарағанда, ол әйелдің психикалық ауытқушылығы бар екені анықталған. Себебі, Мәскеудегі тергеу абақтыларының ішінде тек Бутыркада ғана арнайы диагноз қойылған адамдар жататын бөлімше бар",-деген дереккөз.

Айта кету керек, Бобокулованы тұтқындағаннан кейін, ол бірнеше күн бойында "Печатники" тергеу абақтасында қамалған. Ол дәрігерлерге "баланы өлтір деген бұйрық басымның ішіндегі дауыстан шықты" деген.

Еске сала кетейік, Мәскеуде ақпан айының аяғында қатыгездікпен адам өлтіру оқиғасы орын алды. Ата-аналары үлкен ұлдарымен үйден шығып кеткен кезде, үйінде кішкентай сәбимен қалған бала күтуші әйел нәрестенің басын кесіп, пәтерді өртеп, көшеге шығып, метро станциясының жанында 20 минөттей айқайлаған. Ол өзімен өзі сөйлесіп, полицейлерге "өзімді жарып жіберемін" деп доқ көрсеткен.

Оны ұстағаннан кейін, Бобокуловаға туған жері Өзбекстанда көп жыл бұрын "шизофрения" диагнозын қойғаны белгілі болған. Алайда ол оны жасырып келген.

XS
SM
MD
LG