Ссылки доступа

Иракта жарылыстан 30-дан аса адам қаза тапты


Ирактағы жарылысты "Ислам мемлекеті" террористік ұйымы мойнына алған.

Жексенбі күні Ирактың оңтүстігіндегі Эс-Самава қаласында екі жарылыстан кем дегенде 32 адам қайтыс болып, 70-тен аса адам жараланды. Бұл жөнінде қауіпсіздік қызмет өкілдері мен дәрігерлер хабарлаған.

Бірінші жарылыс қала орталығындағы қоғамдық көлік аялдамасы жанында болған. Бес минөт өткеннен кейін, бірінші жарылыстан 400 метр қашықтықта екінші бомба жарылған. Жарылыстарды әлемнің көптеген елдерінде тыйым салынған "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымы мойнына алған.

Бір күн бұрын Бағдат шетінде көлікті жарылыс болып, 23 адам қаза тапқан. Бұл жарылысты да "Ислам мемлекеті" тобы мойнына алып отыр.

"Ислам мемлекеті" экстремистік тобы негізінен Ирактың солтүстігі мен батысындағы сүнниттер қоныстанған аудандарды бақылауында ұстап отыр. Ал шииттер басым тұратын оңтүстік аймақтарда шабуылдар сирек жасалады.


XS
SM
MD
LG