Ссылки доступа

НАТО қолбасшысы Ресейден төнген қауіпке көп көңіл бөлуге шақырды


НАТО-ның Еуропадағы біріккен қарулы күштерінің қолбасшысы генерал Филип Бридлав Ресейге баса назар аударуға және бұл елден төнген қауіптің өсуіне байланысты ғарыштық барлауды күшейтуге шақырды.

"Уолл-стрит джорнал" басылымына берген сұхбатында ол АҚШ-тың Ресей қаупін зерттеуге бағытталған барлау құралдарына жеткілікті мән бермей отырғанына өкініш білдірді. "Сондықтан қолда бар техникалық мүмкіндікті Мәскеудің өсіп келе жатқан әскери күшінің әлеуетін байқауға жұмсау қажет", - деп мәлімдеді американдық генерал.

Оның пікірінше, қазір техникалық мүмкіндіктердің бағыттарын қайта қарап, мақсаттарына өзгерістер енгізу қажет

"Біз Ресейдің әріптестік туралы ұсыныстан бас тартып, текетірес жолына түскенін көріп отырмыз, сондықтан бізге де бағыт-бағдарымызды тиісінше өзгерту қажет болады", - деді генерал.

Бридлав сонымен бірге, қолбасшылық қызметке тағайындалған кезінде Ресейді қарсылас емес, әріптес ретінде қабылдағанын еске алды. Биыл Бридлав НАТО-ның біріккен күштерінің қолбасшылығынан кетеді.

XS
SM
MD
LG