Ссылки доступа

Қырғыз банкі азаматтың есепшотындағы 17,5 мың долларын "тұтқындаған"


Қырғызстанның Ош облысы Қарасуу қаласының 33 жастағы тұрғыны Шахобиддин Бозорбоев KICB банктің жергілікті бөлімшесі өзінің есепшотындағы сақтаған 17,5 мың АҚШ долларын бермей отыр деп шағымданады.

33 жастағы Шахобиддин Бозорбоевтың айтуынша, 27 қаңтарда ол Оңтүстік Кореяға баруға виза алу үшін "Қырғыз инвестициялық-несие банкінің" (KICB) жергілікті бөлімшесіндегі есепшотына 17,5 мың АҚШ доллар ақша салады.

Алайда, Шахобиддиннің айтуынша, Оңтүстік Кореяға виза ала-алмаған, ал банк болса ақшасын қайтармай отыр. Банк қызметкерлері оның ақшасы қаржы полициясының жіберген хаты бойынша, тұтқындалған. Онда Шахобиддин Бозорбоевтың діни-экстремистік ұйыммен байланысы бар деп күдіктелінетіні айтылған.

– Мені Қарасуу қаласы ішкі істер басқармасының 10-бөлімі шақырды. Мен оларға өзімнің экстремист, террорист емес екенімді айттым. Карасуу және Ош қаласының милициясы қаржы барлау қызметіне мені экстремист емес деген анықтама жіберді. Алайда ұлттық қауіпсіздік қызметкерлері менің жергілікті мешіттерге барып, "мен экстремист емеспін" деп мәлімдеме жасап, видеоға түсіріп, жариялауымды талап етті. Оған да келістім, - дейді Шахобиддин Бозорбоев.

Кейін Шахобиддин Бозорбоевтың ақшаны үйін кепілге қойып, басқа банктен несие ретінде алғаны белгілі болған. Амалы қалмаған Шахобиддин ел президентінің және бас прокурорының атына хат жазған. Бірақ ол хаттар да жауапсыз қалған.

XS
SM
MD
LG