Ссылки доступа

Жер туралы азаматтық көзқарасын білдірген белсендіге ірі айыппұл салынды


Ақтөбе қаласының әкімшілік соты азаматтық белсенді Әлима Әбдіроваға "митинг ұйымдастыру тәртібін бұзғаны үшін" деген айыппен 40 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (84 мың теңгеден астам) айыппұл салды.

Сотқа қатысқан құқық қорғаушы Ольга Климонованың айтуынша, судья Тойбазар Әбдірова екі жағдайда: 27 көкекте Ақтөбедегі рұқсат етілмеген митингте және 1 мамырда облыстық әкімдік алдындағы алаңда серуен құрған кезде за бұзды деп тапқан. Соңғы оқиға бойынша Әбдірованы ұстаған полиция қызметкерлерінің куәлігіне сүйенген судья белсенді рұқсат етілмеген митингке адамдар тартпақ болған деп шешті.

Әбдірова өзін полиция қызметкерлерінің ұрлап кеткенін айтты. Құқық қорғаушы Ольга Климонованың Facebook желісіндегі парақшасында жарияланған бейнежазбада белсенді әйел пасха мейрамына пісірілген тәтті тоқаш сатып алуға шыққанын айтады. Ол сонымен бірге, тәртіп сақшыларының өзіне дене жарақатын салғанын мәлімдеді.

Ақтөбе облыстық ІІД баспасөз хатшысы Ардагер Уайдин белсендінің не үшін ұсталғанынан хабарсыз екенін хабарлады.

Әлима Әбдірова - 26 көкекте "жер саудасына қарсы" жалғыздың пикетіне шыққан, сонымен бірге осы мәселе бойынша 27 көкекте Аөтөбеде өткен оұқсат етілмеген митингке қатысқан ақтөбелік белсенді азаматша.

XS
SM
MD
LG