Ссылки доступа

Египетте екі оппозициялық журналист ұсталды


Египет полициясы жексенбі күні 1 мамырда екі оппозициялық журналист – Амра Бадра мен Махмуда Саккуды тұтқындаған. Бұл жөнінде dw.com хабарлайды. Оларды Каирдегі Журналистер ұйымының ғимаратында ұстаған. Ол жерде Бадр мен Сакка үнсіз наразылық акциясына шыққан.

Бадр оппозициялық Yanair.net сайтының бас редакторы, Сакка болса осы сайттың тілшісі. Алдын 29 сәуірде полиция екі журналистің үйін тінтігеннен кейін, олар үнсіз ереуілге шығуды шешкен. AFP хабарлауынша, журналистер заңсыз наразылық акциясына шықты деп айыпталып отыр.

Сәуір айының басында Сауд Арабия патшасы Салман бен Абдель-Азиз Әл Сауд пен Египет президенті Абдель Фаттах ас-Сиси теңіз шекарасын делимитациялау жөнінде келісімге келген. Оған сәйкес Египеттің Қызыл теңіздегі екі аралы – Тиран мен Санафир Сауд Арабияға берілген. Енді құжатты египет парламенті бекітуге тиіс.

Facebook арқылы Махмуд Сакка халықты екі аралды Сауд Арабияға беруге қарсы наразылық акциясына қосылуға шақырған. 22 сәуірге қараған күні Египетте наразылардың бірінші толқыны болды. Онда оппозициялық белсенділер ұсталған. Ал қалған жерлерде наразылық митингілерді күшпен басып тастаған.

XS
SM
MD
LG