Ссылки доступа

Тәжікстанда тыйым салынған партияның адвокатын соттауда


Айыпталушылар қатарында Бадриддин Тоиров те бар. Бузургмехр Ёров Тәжікстанда тыйым салынған Исламның жаңаруы партиясының 2015 жылдың 28 қыркүйегінде тұтқындалған белсенділерінің адвокаты болды. Оның да барлық құжаттары тәркіленген.

Тәжікстанның Жоғарғы соты былтыр 29 қыркүйекте Исламның жаңаруы партиясын экстремистік және террористік ұйым деп жариялап, елдің аумағында оның қызметіне тыйым салған.

Human Rights Watch, Норвегиялық Хельсинкий комитеті, Amnesty International және өзге халықаралық ұйымдар Тәжікстан билігінен адвокат Ёровты тез арада босатуды талап еткен. Олардың мәлімдемелерінде адвокатты саяси тұтқын деп атаған.

XS
SM
MD
LG