Ссылки доступа

Тәжікстанда діни сенім еркіндігіне қатаң шектеу қойылуда


Тәжікстан АҚШ-тың діни сенім еркіндігі жөніндегі Комиссиясы (USCIRF) қатаң сынға алған 17 елдің тізіміне еніп отыр..

Халықаралық діни бостандық жөніндегі америкалық комиссияның жыл сайынғы есебінде былтыр әлемнің әр түкпірінде адамдарды діни наным-сенімі үшін қудалаудың күшейгені туралы айтылады.

Мьянма, Иран, Солтүстік Корея, Иран, Сауд Арабиясы, Тәжікстан, Түркіменстан, Өзбекстан секілді елдер діни еркіндік мәселесі ушығып тұрған 17 елдің тізіміне енген.

Есеп авторлары Тәжікстан үкіметінің мемлекеттік бақылауға кірмейтін кез келген діни қызметті қатаң басып және жазалайтыны туралы мәлімдейді. Ел үкіметі адамдарды діни қызметіне бола түрлі негізсіз айыптармен түрмеге жабады. 2015 жылы елдегі сот 15 жылдан бері келе жатқан оппозициялық партия - Тәжікстанның исламдық өркендеу партиясының қызметіне тыйым салды. Және кей дерек бойынша қозғалыстың жүз шақты жетекшісі мен мүшелері бас бостандықтарынан айырылған.


Бұл мәліметтер мен қорытындылар АҚШ үкіметінің азаматтардың діни еркіндігін шектейтін елдерге қарсы санкция мен айыппұл шараларын қолдануына негіз болуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG