Ссылки доступа

Қырғызстан Өзбекстан пайдаланып келген нысандарды өзіне қайтарып алды


Үкіметтің қаулысына сәйкес, бұған дейін Өзбекстанның иелігінде болған 12 нысан Қырғызстанның мемлекеттік меншігіне қайтарылды. Бұл туралы үкіметтің шекара маңы мәселелері бойынша арнайы өкілі Құрбанбай Искандаров мәлшімдеді.

Қазір шекара маңы аумағындағы тағы 4 нысанды қайтару жөніндегі және Ыстықкөл облысындағы төрт өзбек пансионатын («Рахат», «Дилором», «Золотые пески» және «Бустон») рәсімдеу жұмыстары жүріп жатыр.

Үкіметтің 2016 жылғы 15 ақпандағы үкіміне сәйкес:

- Жалал-Абад облысында - Орто-Тоқой су қоймасы, Үлкен Наманган, «Чуст» су арналары, бірқатар су сорғыш стансалар мен Нарынның солтүстік жағалау арнасы;

- Баткен облысында - Сох-Шаймерден, Лаган су арналары, Ферғана №1 автокөлік колоннасы, «Ферғанамұнай» ТЖМ нысаны, Қайтпас және Қырғыз-Қыштак жер телімдері;

- Ош облысында - Керкидон су қоймасына құятын арнаның 12 шақырымы, және Савай су арнасы Қырғызстанның мемлекеттік меншігіне қайтарылды.

XS
SM
MD
LG