Ссылки доступа

Трамп алғашқы партиялық сайлауда жеңіске жетті


Индиана штатындағы алғашқы партиялық сайлауда жеңіске жеткен миллиардер Дональд Трамп Республикалық партия атынан АҚШ президенті сайлауына қатысу мүмкіндігін еселеді.

Сайлаушылардың жартысынан астамының даусына ие болған Дональд Трамп өзінің басты бәсекелесі сенатор Тед Крузды үлкен штаттағы жеңіске деген соңғы үмітінен айырды. Круз Индианада жеңіске жеткен жағдайда Трампқа Республикалық партия атынан президент сайлауына түсуге қажет партия съезіне қатысушылардың 1238 даусын жинауына кедергі келтіретін еді.

Экзит-полл есебінше, Дональд Трампқа 17 мен 24 жастағылардан басқа жастағы және әр түрлі әлеуметтік топқа жататын сайлаушлар дауыс берген.

Демократиялық партияның үміткерлері Хиллари Клинтон мен Берни Сандерс әзірге сайлаушылардың қолдауына бірдей ие боп тұр.

XS
SM
MD
LG