Ссылки доступа

Ресейде депутаттар жұмысқа келмегені үшін мандатынан айырылады


Ресей президенті Владимир Путин депутаттардың себепсіз жұмысқа келмегені үшін мандаттарынан айыратын заңға қол қойды. Аталған заң жобасын "Справедливая Россия" фракциясы ұсынған.

Заңға сәйкес, Мемлекеттік дума депутаттары 30 күн ішінде өзіне жүктелген міндетті орындамаса, мерзімінен бұрын мандатынан айырылады. Құжаттың мәтіні құқықтық ақпарат туралы ресми сайтта жарияланған.

Заң президент қол қойған күн 3 мамыр 2016 жылдан бастап күшіне енді.

"Справедливая Россия" депутаттары ұсынған заң жобасын Мемлекеттік дума депутаттары 2016 жылдың 22 сәуірінде қабылдаған. 27 сәуірде оны Федерация кеңесі мақұлдаған.

XS
SM
MD
LG