Ссылки доступа

Қырғызстанда шекара маңындағы тұрғындарды көшіруде


Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына сәйкес, қырғыз-өзбек шекарасының бақылау бекетінің ауқымы кеңеюге тиіс. Осыған орай жақын маңдағы үйлер сүрілетін болады. Алайда жергілікті тұрғындар мұнымен келіспейді.

Шекара маңындағы Кызыл-Кыштак ауылында бар болғаны 5 үй тұрады. Солардың бірінде тұратын Нурматовтар отбасының үйі сүрілуге жатады. Олармен бірге Қырғызстан үкіметі тағы да отыз шақты отбасыны көшірмек.

Алайда үкімет үйлері сүрілетін отбасыларға беріп отырған ақшаға үй сатып ала алмаймыз дейді жергілікті тұрғындар. Мысалы, екі қабатты бақшасы бар үйге бар болғаны 14 мың АҚШ долларын ұсынып отыр екен.

Кеден қызметінің бағалаушылары көшуге кететін ақшаны да есептемей отырғанын айтады наразы тұрғындар.

XS
SM
MD
LG