Ссылки доступа

АҚШ-тың әуе шабуылдарынан ИМ қатарына адам тартушылар қаза тапты


Ирактағы америкалық әуе күштерінің шабуылы кезінде «Ислам мемлекеті» террорлық ұйымының белді үгітшісі қаза тапты.

Бұл туралы Австралия билігі хабарлады. Құрама Штаттар Австралияның ресми орындарына осы елдің аумағындағы лаңкестік шабуылдарға қатысы бар және АҚШ аумағында жалғызілікті шабуыл ұйымдастыруға шақырған Нейл Пракаштың 29 көкекте Ирактың Мосул қаласына жасалған әуе шабуылынан көз жұмғанын хабарлаған.

Австралияның Мельбурн қаласының тумасы Нейл Пракаш ИМ журналдары мен үгіт-насихат бейнежазбаларында жиі көрінетін және лаңкестік шабуылдарға шақырып австралиялық азаматтарын лаңкестер қатарына белсенді түрде тартумен айналысқан. БҰҰ-ның санкциялық тізімінде болған Нейл Пракаш 2014 жылы Сирияға өтті деп саналатын.

АҚШ үкіметі 22 көкектегі Сирия аумағында жасалған шабуылдан ИМ тобына қатысы бар екінші австралиялықтың қаза тапқанын мәлімдеді. Шади Жабар Халил Мохаммад пен оның судандық күйеуі Абу Саад әл-Судани ИМ-ге шетелдік жалдамалылар тартатын беделді тұлғалар қатарында саналатын және олар Батыс елдерінде лаңкестік шабуылдар жасауға шақырумен айналысты.

XS
SM
MD
LG