Ссылки доступа

Трамп республикалықтардың атынан АҚШ президенті сайлауына түсетін жалғыз үміткерге айналды


NBC және CNN телеарналары Огайо штатының губернаторы Джон Кейсиктің республикалық партияның праймеризінен шығатынын, сәйкесінше президенттік додадан бас тартатынын хабарлады. Бұл ақпаратты Associated Press агенттігінің үш бірдей дереккөз қуаттаған.

Бұған дейін Кейсик жоспарланған баспасөз мәслихатынан бас тартқан еді. Жақын арада Кейсик өз шешімін ресми түрде хабарлайды деген сөз бар.

Оның алдында Индианадағы партиялық праймеризде жеңілген тағы бір республикашыл саясаткер – Тед Круз сайлаудан бас тартқан болатын. Осылайша миллиардер Дональд Трамп Республикалық партияның

Дональд Трампты ресми түрде республикалықтардың атынан жалғыз үміткер ретінде шілде айында өтетін партияның ұлттық съезі ғана бекіте алады. Съезде толық қолдауға ие болуы үшін кәсіпкерге 1237 делегаттың даусына ие болуы тиіс, Индианадағы жеңістен соң Трампты 1053 дауыс жақтаған.

XS
SM
MD
LG